Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 211 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу

Ескерту. 211-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы – 

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күніне шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынуы –  

ескерту жасауға алып келеді. 

3-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы – 

үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалардың клиенттермен жасалатын микрокредит беру туралы шарттарда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген мөлшерін көрсетпеуі, анық емес көрсетуі, сол сияқты сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен асыруы – 

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы – 

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтуы – 

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескертпелер. 

1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады. 

2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғалар деп екінші деңгейдегі банк, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы – заңды тұлға түсініледі. 

Ескерту. 211-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...210 210‑1 211 211‑1 211‑2 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться