Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу



Ст. 214 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар, өздерінің клиенттерi туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарының өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы хабарлауы –

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

алты айға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып не олардан айырып, немесе үш айға дейінгі мерзімге заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, адвокаттарға, нотариустарға, дара кәсіпкерлерге – төрт жүз, тауар биржалары, бухгалтерлік қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, банк болып табылмайтын электронды ақша жүйесі опреаторларына, ойын бизнесін және лотореяны ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...212 213 214 215 216 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 214-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V