Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзуы

Ст. 217 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынбауы – 

заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша анық емес не толық емес есептілікті ұсынуы – 

заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің валюталық операциялары бойынша есептілікті ұсынбауы – 

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...215 216 217 218 219 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 217-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V