Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
230-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу

Ст. 230 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы –  

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы – 

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы – 

заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi қате (негiзсiз) қолдануы–  

заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы –  

заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру агентіне төленетін комиссиялық сыйақы мөлшерін асырудан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы –  

заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 230-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

231-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...228 229 230 231 232 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 230-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V