Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану



Ст. 233 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –

мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы – тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген оларды алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...231 232 233 234 235 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 233-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V