Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау



Ст. 24 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 

2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қоюмен (арызбен) сотқа жүгiнуге құқылы. 

3. Ешкiмге өзінің келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды. 

4. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің физикалық немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан тұлғаның немесе жәбірленушінің заңды өкіліне сот осы Кодекстің 683-бабының бесінші бөлігінде көзделген құқықты түсіндіруге міндетті. 

2-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
ЖАЛПЫ БӨЛІК
3-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V