Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы



Ст. 246 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы – 

аудиторларға – сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы – 

біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – 

біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер – 

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы –  

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –  

аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
 


Статья 1 ...244 245 246 246-1 247 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 246-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V