Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу



Ст. 252 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша төлемдері мен аударымдарын уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында белгіленсе, –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы –

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы өкім шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған жердің жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі кезеңде және (немесе) "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамының жұмыс емес күндері осындай өкім шығару арқылы бұзу –

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...250 251 252 253 254 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 252-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V