Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 253 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу

Арнаулы валюталық режимді: 

1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау; 

2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау; 

3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану; 

4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау; 

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу – 

жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...251 252 253 254 255 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 253-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V