Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
270-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану кезінде қызметтiқұқыққа сыйымсыз жүзеге асыру



Ст. 270 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану – 

ескерту жасауға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзiмiн бұзуы – 

ескерту жасауға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...268 269 270 271 272 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 270-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V