Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 277 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтару

Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің қолданылуы кезеңінде берешек болған кезде, салық төлеушiнiң үшiншi тұлғалармен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруы арқылы жасалған, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – 

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген есеп айырысулар сомасының – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Статья 1 ...275 276 277 278 279 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 277-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V