Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру



Ст. 280 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi – 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады. 

280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу  

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 280-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...278 279 280 280-1 281 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 280-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V