Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 282 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу

1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау – 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."; 

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 

"жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2-1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияда этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын: 

1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткiзу; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаның қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады – ҚР 11.07.2022 № 137-VII Заңымен.

3) қаңылтыр ыдыстағы (сырадан, сыра сусынынан және күштілігі он екі пайыздан кем болатын градусы төмен ликер-арақ бұйымдарынан басқа), затбелгісі жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыра мен сыра сусынын құюды қоспағанда) алкоголь өнімінің айналымы; 

4) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бөлшек саудада өткізу; 

5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі; 

6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу түрінде жасалған бұзушылық – 

7) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  

5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын: 

1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаның қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады – ҚР 11.07.2022 № 137-VII Заңымен.

2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап (шарап материалын), сондай-ақ сыра мен сыра сусынын өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаның қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады – ҚР 11.07.2022 № 137-VII Заңымен.

3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарап (шарап материалын), сондай-ақ сыра мен сыра сусынын өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру; 

4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет – 

лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы шарттарын: 

1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi жүзеге асыру; 

2) тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен алкоголь өнiмiн өндiру түрiнде жасалған бұзушылық – 

лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  

8. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10-бөліктің бірінші абзацының қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады – ҚР 11.07.2022 № 137-VII Заңымен.

10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемін сақтамау – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет – 

лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

12. Алкоголь өнiмiн денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сақтау және өткізу – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. 

13. Осы баптың он екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

лицензиядан айыруға әкеп соғады. 

Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...280‑1 281 282 283 283‑1 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться