Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
291-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау



Ст. 291 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау – 

лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - 

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескертпелер. 

1. Осы бапта лауазымды адамдар деп объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған адамдарды түсіну керек.  

2. Лауазымды адамдар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағат бойынша орташа тұтынуы кемінде 50 кВт-ты құрайтын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Статья 1 ...289 290 291 292 293 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 291-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V