Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
297-1-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету



Ст. 297-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету – 

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 18-тарау 297-1-баппен толықтырылды - ҚР 14.01.2016 № 445-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...296 297 297-1 298 299 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 297-1-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V