Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 308 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру

Ескерту. 308-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Мұнай құбырлары мен газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...306 307 308 309 310 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 308-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V