Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
313-бап. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу



Ст. 313 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттердi жасау – 

тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...311 312 313 314 315 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 313-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V