Ст. 317-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы
1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде: 1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі;
2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;
3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;
5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 20-тарау 317-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф
Законно ли это действие Костанай
толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?
Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?
здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен
Чем могу помочь?
345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей