Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 322 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
322-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау

Ескерту. 322-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау – 

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескертпелер. 

1. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар, олардың бөлiктерi немесе жекелеген конструкциялық элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң төмендеуіне және жойылуына, тұрғызылып жатқан объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға теріс әсер етуiне әкеп соғатын, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен кешендердi жобалау, салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, мiндеттi талаптарды, құрылыс нормалары мен қағидаларын, жобаларды, басқа да нормативтік актілерді сақтамау, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп түсініледі. 

2. Материалдың, конструкцияның, бұйымның, олардың түйiскен тораптарының, ғимараттың және құрылыстың негiзгі топырақ қабатының есептік мәндегі салмақтың түсуіне және әсерлеріне бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiк деп түсініледі. 

3. Ғимараттың, құрылыстың есептемелік әсерлерге және салмақ түсу ықпалына орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалу қасиеті орнықтылық деп түсініледі. 

4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, тіреу және қоршау конструкцияларының нормаланатын көрсеткiштердің мәндерiмен айқындалған функцияларды орындау қабiлетi сенiмдiлiк деп түсініледі. 

5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да түрлерi) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі. 

Ескерту. 322-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...320 321 322 323 323‑1 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться