Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау



Ст. 326 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау – 

лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндірумен ұштасқан, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер – 

экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы – 

экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады. 

Ескертпе. Егер экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушыға бірнеше өндірістік объектіге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша жойылады.

Статья 1 ...324 325 326 327 328 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 326-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V