Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 328 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
328-бап. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу

1. Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру –  

жеке тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін эмиссиялардың сол бір көзінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –  

жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

3. Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін бір жыл ішінде жүйелі түрде (екі реттен көп) асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру не ұзақтығы қатарынан үш сағаттан асатын эмиссиялар нормативтерін екі есе асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –  

тиісті эмиссия көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану жөніндегі экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға ластағыш заттардың асып кеткен мөлшеріне қатысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін тиісті төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

4. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объект үшін алынуы міндетті болып табылған экологиялық рұқсатсыз не қоршаған ортаға әсер ету туралы міндетті декларациясыз қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді жүзеге асыру – 

қызметіне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылық нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

5. Ластағыш заттар шығарындыларының, төгінділерінің декларацияланған көрсеткіштерімен, жинақталатын және көмілуге жататын қалдықтардың мөлшерімен салыстырғанда анық еместігі қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің асып кетуінен көрінген, қоршаған ортаға әсер ету туралы анық емес декларацияны ұсыну – 

қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

6. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу –  

белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қалдықтарды жинақтаудың немесе көмудің сол бір объектісінде бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –  

экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып немесе онсыз, белгіленген лимиттен тыс жинақталған немесе көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

8. Қалдықтарды жинақтау мерзімдерін бұзу –  

Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс әрбір күн үшін жинақталған қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

9. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттерін бұзу –  

белгіленген лимиттен тыс ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

10. Экологиялық рұқсатсыз, көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру –  

экологиялық рұқсатсыз ашық түрде орналастырылған күкірт массасына қатысты төлемақы мөлшерлемесінің жиырма мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

11. Қоршаған ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін бұзу –  

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескертпелер: 

1. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында тиісті төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген ластағыш заттардың шығарындылары немесе төгінділері бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде төлемақы мөлшерлемесі ластағыш заттар шығарындыларының бір тоннасы үшін елу айлық есептік көрсеткішке немесе ластағыш заттар төгінділерінің бір тоннасы үшін бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткішке тең сома мөлшерінде танылады. 

2. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру деп бұрын берілген экологиялық рұқсаттың қолданысы аяқталған, кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған (айыруды қоса алғанда), бірақ бұл ретте антропогендік әсер етуді жүзеге асыруды жалғастыру үшін жаңа міндетті экологиялық рұқсат берілмеген қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің эмиссияларды жүзеге асыру жағдайлары түсініледі. 

3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жаңадан пайдалануға берілген объекті деп құрылысына немесе пайдаланылуына бұрын міндетті экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілмеген объект танылады. 

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінің мақсаттары үшін ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан болатын ластағыш заттардың шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.  

Бұл ретте алаулардағы күкірт диоксидінің, азот диоксидінің, көміртегі тотықтарының шығарындылары үшін тиісінше "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында белгіленген күкірт оксидтерінің (SOₓ), азот оксидтерінің (NOₓ), көміртегі монооксидінің шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері қолданылады. Меркаптан шығарындылары үшін айыппұлды есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында белгіленген тиісті төлемақы мөлшерлемесі қолданылады. 

Ескерту. 328-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2021 № 63-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...327‑1 327‑2 328 329 330 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться