Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 34 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы

1. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. 

2. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. 

3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi. 

5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V