Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу



Ст. 356 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарын бұзу – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау - 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген мұнай операцияларын жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған іздестіру, бағалау жұмыстары жобаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, бағалау жұмыстарының жобасынсыз және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжатынсыз іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан, ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз және (немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда, теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңіздегі қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғада мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның бекітілген жоспарының болмауы –  

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

12. Теңізге бірінші және екінші деңгейлердегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті өзінің жеке материалдары мен жабдықтарынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасасылған шартсыз теңізде мұнай операцияларын жүргізу – 

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –  

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –  

қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...354 355 356 357 358 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 356-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V