Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
358-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу

Ст. 358 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз, кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 358-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...356 357 358 359 360 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 358-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V