Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту

Ст. 360 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Ескерту. 360-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында және белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту – 

заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылыстарын заңсыз салу – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 360-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...358 359 360 361 362 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 360-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V