Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу



Ст. 367 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, – 

жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...365 366 367 368 369 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 367-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V