Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 38 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

1. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, егер мұндай мәжбүрлеу салдарынан адам өз әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. 

2. Психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 37-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.
Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V