Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 384 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын: 

1) белгіленген нормативтерден асып түсетін зиянды заттарды тастауға жол беру; 

2) жаңа және реконструкцияланатын объектілерді судың зиянды әсерін, ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу; 

3) тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді пайдалану; 

4) мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай, оларды пайдалану; 

5) су объектілерінің су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдану; 

6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды тастау және көму; 

7) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын су объектілеріне ағызу; 

8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер төндіретін техника мен технологияларды қолдану; 

9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және оларда көму; 

10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жерүсті су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 384-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...382 383 384 385 386 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться