Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
393-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу



Ст. 393 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе халықаралық шарттарында көзделген теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулердің бағдарламасын заңсыз өзгерту –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...391 392 393 394 395 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 393-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V