Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
397-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу



Ст. 397 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнаманың талаптарын орындамау – 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу анық емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы – 

жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Экологиялық аудит жүргiзу барысында тексерiлетін тұлғаның анық емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан көрiнеу анық емес немесе толық емес ақпарат беруi – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...395 396 397 398 399 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 397-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V