Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
398-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу



Ст. 398 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу – 

таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...396 397 398 399 400 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 398-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V