Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың анық емес деректерді ұсынуы



Ст. 399 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу кезінде анық емес деректерді ұсынуы – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соққан не үш реттен артық жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – 

лицензиядан айыра отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

22-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ МЕН ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ, АСТЫҚ
НАРЫҒЫ МЕН АСТЫҚТЫ САҚТАУ, МАҚТА САЛАСЫ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ,
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРУ,
СОНДАЙ-АҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ТҰРАҚТАНДЫРУ
ҚОРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


Ескерту. 22-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...397 398 399 400 401 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 399-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V