Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 409 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 294-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –  

ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, – 

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3-1. Алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Білім беру ұйымдарының талаптарды: 

1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау; 

2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау; 

3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау; 

4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау; 

5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық –  

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы құрылтайшысының (құрылтайшыларының) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді және (немесе) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етпеуі –  

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі – 

лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар – 

лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 

рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –  

қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7-2. Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы – 

лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту; 

2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу; 

4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу; 

5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық – 

ескерту жасауға алып келеді. 

7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

7-5. Мыналарды: 

1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 

3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған; 

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ; 

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулері бар адамдарды педагогтің кәсіптік қызметіне жіберу – 

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

7-6. Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту – 

жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – 

ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау – 

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту – 

лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау – 

заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 

бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

12. Жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның спортшының келісіміне қарамастан, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануынан не тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді спортшының пайдалануына немесе спортшыға қатысты пайдалануға жәрдемдесуден көрінген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы – 

екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескертпе. Осы бапта спортшының немесе спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға жәрдемдесу деп спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға ықпал ететін кез келген әрекеттер, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді қолдану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану іздерін жасыру түсініледі. 

Ескерту. 409-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Статья 1 ...408 408‑1 409 410 410‑1 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться