Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
41-бап. Әкiмшiлiк жаза түрлерi



Ст. 41 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкін: 

1) ескерту жасау; 

2) әкiмшiлiк айыппұл; 

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу; 

4) арнайы құқықтан айыру; 

5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау; 

6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 

7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу; 

8) әкімшілік қамаққа алу; 

9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.

Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V