Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
413-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзу



Ст. 413 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



Атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген деңгейден асатын мөлшерде радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығару; сәуле алуға ұшыраған немесе құрамында радиоактивтi заттар бар өнiмді және материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымға тарту; тиiстi даярлықтан өтпеген не бiлiктiлiгiн куәландыратын құжаты жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсiндегi жұмысқа жiберу; радиоактивтi заттар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне лицензиядан айыруға әкеп соғады.

Статья 1 ...411 412 413 414 415 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 413-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V