Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет



Ст. 424 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы – 

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау –  

жеке тұлғаларға маман сертификатынан айыра отырып – отыз, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Көпшілікпен емшілік сеанстарын (екі және одан да көп адам) өткізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу – 

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға уәкiлеттi медицина жұмыскерлерiнiң сыйақы алу мақсатында дәрiлiк заттар жарнамасына қатысуы, медицина жұмыскерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында өткізуі, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйым түрлеріне жiберуі және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары – 

жеке тұлғаларға маман сертификатынан айыра отырып – сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...422 423 424 425 426 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 424-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V