Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 437 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
437-бап. Тыныштықты бұзу

1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы - 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 437-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...435 436 437 438 439 ...920

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Сәлеметсіз бе? Мен екі бала мен үйде қалдым мамасы ауруханаға түсіп операция жасау керек болды екі бала шулап кетті сосын көршім шағымданған болатын 437 бапта неге есіерту жайлы айтылмаған әр заңда алғашқы заң бұзған адамға ескерту берілу керек еді мен заң туралы қауіпсіздік қызыметкерінен білдім ескерту жоқ деп айтты 01:00 де келді білем дұрыс болмағанын бірақ халыққа ескерту берілу керек еді жалпы барма ескерту мен төмендегі көршіге естілгенін білмедім 8625тг төледім жауап күтем жауап берсеңіз жақсы болар еді ескерту барма өтініш айтасызба ақшадан қысылып қалған едім барлық халықтың жағдай бола бермидіғой

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться