Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
451-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу



Ст. 451 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату – 

бұқаралық ақпарат құралының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату – 

бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  

3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 451-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...449 450 451 452 453 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 451-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V