Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
456-бап. Шығарылым деректерiн хабарлау тәртiбiн бұзу



Ст. 456 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен теле-, радиоарналардың эфирге шығуы – 

ескерту жасауға немесе бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiнiң таралымы тәркiлене отырып не онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн дайындау және тарату үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады. 

Ескерту. 456-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...454 455 456 456-1 457 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 456-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V