Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу

Ст. 465 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу – 

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту – 

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 465-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...463 464 465 466 467 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 465-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V