Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
47-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау



Ст. 47 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Рұқсаттан айыруды судья осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, қызметтi жүзеге асыру не рұқсатта көзделген белгiлi бiр әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданады.

2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.

3. Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Микроқаржы ұйымдарының тiзiлiмiнен алып тастауды Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру деп белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр әрекет жасауға лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен), сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру түсініледі.

Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 47-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V