Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу



Ст. 496 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы – 

жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау – 

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады. 

3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер – 

үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады. 

Ескерту. 496-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...494 495 496 497 498 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 496-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V