Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
528-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына жеткiзбеу



Ст. 528 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу – 

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының мемлекеттік кіріс органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу –  

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау – 

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 528-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...526 527 528 529 530 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 528-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V