Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен құқыққа сыйымсыз операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету



Ст. 532 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұзып операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету – 

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...530 531 532 533 534 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 532-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V