Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 542 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу

1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және егер кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат міндетті болса, мұндай құжатта қамтылған шарттарды, тауарларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу - 

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 542-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...540 541 542 543 544 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 542-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V