Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
549-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру

Ст. 549 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалана отырып жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру – 

құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 549-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...547 548 549 550 551 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 549-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V