Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
555-бап. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, кедендік алымдарды, пайыздарды төлеу мерзімдерін бұзу

Ст. 555 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Төлеушілердің және (немесе) төлеушімен бірге ынтымақты міндет жүктелетін тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті белгіленген мерзімдерде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кедендік алымдарды, пайыздарды белгіленген мерзімдерде төлемеу – 

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 555-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...553 554 555 556 557 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 555-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V