Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 571 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу

1. Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу – 

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу – 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу – 

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзу –  

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi – 

жол берілетін салмақтық параметрлер бір тоннадан бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға – бір жүз сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өтуi – 

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілетін салмақтық параметрлерді бір тоннадан астам және (немесе) көлемдiк параметрлерден асыруы – 

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...569 570 571 571‑1 572 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться