Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 573 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу

1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы – 

автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетiлмеген автокөлiк құралына отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсатты пайдалануы – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсаттар бланкiлерiн басқа отандық тасымалдаушыға беруi – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жүргiзушiнiң келiсiлген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы – 

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Шетелдiк тасымалдаушының Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдалануы – 

автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау уәкілетті органы берген, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқу –  

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру –  

автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 573-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...571‑1 572 573 574 575 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться