Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау



Ст. 577 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдау – 

автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –  

автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...575 576 577 578 579 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 577-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V